жұма, 11 қазан, 2024 13:23

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Елорда тұрғыны 10-қабаттан құлап бара жатқан баланы қағып алған

Елорда тұрғыны 10-қабаттан құлап бара жатқан баланы қағып алған
ашық дереккөзі
Елорда тұрғыны 10-қабаттан құлап бара жатқан баланы қағып алған
Елордалық Талғат Әбдіханұлы 10-қабаттан құлап бара жатқан баланы қағып алған. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті. «Ағымдағы жылдың 31 шілдесінде сағат 20:50-де құтқару қызметіне жедел жәрдемнен қоңырау түсті. Онда Қабанбай батыр даңғылы, 42 мекенжайында орналасқан үйдің 10-қабатынан бала құлағаныайтылған. Биіктен құлаған бала 2017 жылы туған. Оны сол үйде тұратын 1988 жылғы азамат жолай өтіп бара жатып кездейсоқ көріп, дереу баланы қағып алуға тырысқан. Ол осылайша баланы жерге қатты соғылудан сақтап қалды. Дегенмен бүлдіршін қазір №2 аурухананың жансақтау бөлімінде ауыр халде жатыр», - деді ТЖД баспасөз қызметі. Департамент өкілдері баланы құтқарып қалған Талғат Әбдіханұлын марпаттауды жөн көріп, оған хабарласқан. Алайда, ол бүлдіршіннің ауыр халде жатқанын алға тартып, марапаттан бас тартыпты.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар