Жаңалықтар
Түзеу мекемесіне шет тіліндегі 100-ге жуық кітап тарту етілді
- авторjambylinfo.kz
- 9 тамыз, 2022
- 313
Түзеу мекемесіне шет тіліндегі 100-ге жуық кітап тарту етілді
Еліміздегі шетел дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелерінің демеушілігімен Жамбыл облысындағы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты ЖД-158/5 (қоныс колониясы) мекемесінің кітапхана қоры шет тіліндегі 100-ге жуық кітаппен толықты. Жалпы, бұл кітаптар жаза басып, темір тордың ар жағында жазасын өтеп жатқандарға арналған. Осылайша, сотталғандар азаматтардың шет тілін меңгеруіне мүмкіндік туып отыр. Айта кетейік, сыйға тартқан кітаптардың ішінде әлем әдебиетінің классиктері де, қазіргі әдебиет үлгілері де, ғылыми-танымдық, анықтамалық кітаптар да бар.
- Кітап – бас бостандығынан айырылған жандар арасында әу бастан ерекше сұранысқа ие құндылық. Мекемедегі кітапханада 2000-нан астам кітаптар бар. Жазасын өтеушілер кітапхана қызметін жиі пайдаланады. Тұрақты оқырмандарымыз да бар, - дейді мекеме бастығының орынбасары Бақтияр Оңбаев.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Жамбыл облысында игерілмеген жерлер мемлекет меншігіне қайтарылады
- авторСадуақас Айсұлу
- 14 қаңтар, 2025