бірқатар талап алынып тасталады
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банк және микроқаржы қызметін реттеу мәселелеріне түзету енгізбекші, деп хабарлайды Jambylinfo.kz qazaqstantv сілтеме жасап.
1 сәуірден бастап қарыз алушының барлық өтелмеген кредиттері мен қарыздары жаңа көлікті несиеге сатып алу кезінде есепке алынбайды;
Жаңа көліктің бастапқы жарнасы 50 пайызын төлеген жағдайда, борыш жүктемесі коэффициенті талабын уақытша тоқтата тұру көзделеді.
Мақсат – отандық автоөнеркәсіп өнімдерін жеңілдетілген несиемен сату. Түзетулер қоғамдық талқылауға ұсынылды.
Ел ішінде қазір 4,6 млн көлік бар. Оның 2 миллионнан астамының зауыттан шыққанына 20 жылдан асқан. Ал жаңа көліктердің үлесі 6 пайыздан аспайды.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
«1 млн. 107 600 теңге»: Жамбылдық ұстаздар ақшалай сыйақыға ие болды
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024