Жаңалықтар
Вейптерді сатқаны үшін 19 жастағы жігіт бес жылға сотталуы мүмкін
- авторСадуақас Айсұлу
- 7 желтоқсан, 2024
- 1.2k
Жас жігіт ешқайда оқымайды және жұмыс істемейді.
Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті Қазақстанда маусым айынан бастап айналымына заңды түрде тыйым салынған вейп сатушысын анықтады.
19 жастағы петропавлдықтан жалпы сомасы 6 миллион теңгеден астам 545 вейп, сұйықтық құйылған 334 ыдыс, құрамында никотин бар 165 сағыз тәркіленді.
"Шегілмейтін темекі өнімдерінің, электрондық тұтыну жүйелерінің (вейптердің), хош иістендіргіштер мен оларға арналған сұйықтықтардың айналымы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 200 АЕК дейінгі айыппұлдан бастап 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза көзделген", – делінген мәліметте.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
403 педагог республикалық кадр резервіне қабылданды
- авторСадуақас Айсұлу
- 26 желтоқсан, 2025
Жаңалықтар
"Сақ стиліндегі" 500 теңгелік жаңа банкнота айналымға шықты
- авторСадуақас Айсұлу
- 26 желтоқсан, 2025






