жұма, 20 қыркүйек, 2024 0:12

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Енді оқушыны басқа мектепке онлайн ауыстыруға болады

Енді оқушыны басқа мектепке онлайн ауыстыруға болады
Сурет:Ашық дереккөзден алынды
Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің сайтында жарияланды

Қазақстанда оқушыны  бір мектептен екінші мектепке eGov.kz порталының көмегімен онлайн түрде ауыстыру мүмкіндігі пайда болды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Оқу-ағарту министрлігі бұл процестің қалай жүзеге асырылатынын түсіндірген. 

"Енді ата-аналар мен заңды өкілдер eGov.kz порталы арқылы баланы бір мектептен екіншісіне онлайн ауыстыра алады. Жалпы білім беретін ұйымды іздеу және іріктеу процесі ата-ананың тіркелген жері бойынша микросайт үшін оңтайландырылған. Жаңа процесс есептен шығару және бекіту талондарын, сондай-ақ жеке іс құжаттарын тапсыруды қажет етпейді. Мектеп таңдаған кезде оқу тілі де көрсетіледі. Сондай-ақ өтініш берушінің өтінімді қайтарып алуға мүмкіндігі бар", делінген ведомствоның хабарламасында. 

Мемлекеттік қызметті алу үшін:

  • eGov.kz порталына кіріп, "Білім" бөліміне өтіңіз;
  • тізімнен "Орта білім" бөлімін таңдап, ары қарай "Балаларды мектептен мектепке ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау" қызметіне өтіңіз;
  • қажетті жолдарды толтыру және электрондық қолтаңбаны пайдаланып өтінішке қол қою;   
  • Қызмет нәтижелерін “Жеке кабинеттен” көруге болады.
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар