Ер адам тылсым күштердің әсерімен қалай сүндеттелгенін айтып берді
- авторҚұралай Сейсенбекқызы
- 3 тамыз, 2024
- 1.1k
Үлкендердің ескертуіне қарамай, екі кештің ортасында бала сол күні далаға жалғыз шыққан – деп хабарлайды Jambylinfo.kz. Ойнап жүргенде дарбаза мен дуалдардан еш кедергісіз өтіп келе жатқан асығыс адамды көзі шалады. Сол сәт бойын үрей билегені сонша, қашуға да мұршасы болмай, қимылсыз қарап тұрып қалған.
– Бойы үлкен, өзі қап-қара алып адам қасыма келді де мені екі айналып жүгірді. Қорыққаным сонша дыбысым шықпай қалды. Әлгі дәу адам маған еңкейіп, шалбарымның ауын ұстады. Сәлден соң шалбарымның ішіне әлдекім ине тығып алғандай дыз ете қалды. Сол кезде әлгі дәу алға қарай жүгіре жөнелді де біздің үлкен үйдің дуалдарына сіңіп жоқ болып кетті. Сонда ғана байланып қалған тілім мен қатып қалған денеме енді жан біткендей шыңғырып жібердім. Үйге кіргенде қорыққаным сондай үнсіз жылай бердім. Сұп-сұр түрімді көргенде әлденені сезіп қойған әке шешем денемді тексере бастады да шешем: «Ойбай» деп әкемді шақырып, айғайлай бастады. Әкем бәрін тбірден түсіне қойды да «Періштелер сүндеттеп кетіпті» деп қуанып кетті. Ертесі құдайы тамақ тараттық - дейді қырық эыл сақтаған сырын жайып салған жігіт.