Жамбыл облысында 14 жасар баланы сыныптастары жабылып ұрып кеткен
- авторjambylinfo.kz
- 3 тамыз, 2024
- 443
Талас ауданы, Майтөбе ауылында 8-ші сынып оқушылары Ү.Сейсенбек есімді баланың соңына түскен. Олар баланы қорқыту мақсатында алдымен дарбазаларын таспен ұрып, есік алдында тұрған көліктерінің ішін ақтарып кететін болған. Балаға әлеуметтік желі арқылы смс жолдап, қорқытқан. Алайда ұялы телефон жоқ болғандықтан, бұл смстерді анасы өз телефонынан оқып қойған. Олар «Сен неге кругқа қосылмай жүрсің? Кругқа қосылмасаң саған қиын болады. Аямаймыз» деген сынды сөздер жазған.
Анасы баланың әкесіне болған жайды айтып берген соң, әкесі қоңырау шалып: «Сендер доссыңдар. Бұлай жасауға болмайды» деп оқушыларға ақыл айтқан. Алайда іс насырға шауып, кешкі уақытта ауылдың орталығынан баланы ұстап алғандар, жабылып ұрып тастаған.
Баланың миы шайқалған. Кеудесіне тиген қатты соққыдан дем жетпей ауруханаға түскен.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз