дүйсенбі, 30 қыркүйек, 2024 8:40

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ерлан Саиров Ұлттық домбыра орталығын ашу мәселесін көтерді

Ерлан Саиров Ұлттық домбыра орталығын ашу мәселесін көтерді
ашық дереккөзі
Ерлан Саиров Ұлттық домбыра орталығын ашу мәселесін көтерді
Мәжілістің жалпы отырысында депутат Ерлан Саиров Ұлттық домбыра орталығын ашуға қатысты Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевтың атына сауал жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат . AMANAT фракциясының мүшелері ҚР Премьер-Министрі орынбасарының атына Қазақстанда Ұлттық домбыра орталығын ашу жөнінде депутаттық сауал жолдаған. Елімізге ресми сапармен келген Рим Папасы Францисктің өзі домбыраның әлемдік рухани потенциалы жөнінде атап өтті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Рим Папасына қазақтың рухани өмірінің символы ретінде домбыраны сыйға тартты. Яғни домбыраны мемлекеттік деңгейде ұлықтап, халықаралық бренд жасау - уақыт талабы», - деді Е. Саиров. Оның пайымынша, Ұлттық домбыра орталығын ашу - жаһандану заманында ұлтымыздың рухани келбетін сақтап қалудың бір жолы. «Сондықтан Дәурен Әскербекұлының (Мәдениет және спорт министрі) атына депутаттық сауалды қайта жолдап отырмыз», - деді депутат.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар