Жаңалықтар
Әйелдердің зейнет жасын көтеруді тоқтату 800 млрд теңге болады - Қаржы министрі
- авторjambylinfo.kz
- 21 қыркүйек, 2022
- 457
Әйелдердің зейнет жасын көтеруді тоқтату 800 млрд теңге болады - Қаржы министрі
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев әйелдердің зейнетке шығу жасын көтеруді 2028 жылға дейін тоқтату кезінде жұмсалатын қаражат сомасы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат .
«Алдын ала есептеулерге тоқталсақ, 2023 жылдан 2027 жыл аралығында шамамен 800 млрд теңге болады», - деді Е. Жамаубаев Мәжілістің жалпы отырысынан кейін тілшілер сауалына жауап бере отырып.
Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл қыркүйек айындағы Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда әйелдердің зейнетке шығуы 61 жас деңгейінде қалатынын айтты.
«Әлеуметтің талап-тілегін ескере отырып, әйелдердің зейнет жасын 2028 жылға дейін 61 жас деңгейінде қалдырамыз. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының тиімді инвестициялық стратегиясын әзірлеу қажет», - деді Президент.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Жазасын өтеушілерге арнайы фильм көрсетілді
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Бас прокурор: "Азаматтардың құқығын қорғау – басты назарда"
- авторСадуақас Айсұлу
- 5 желтоқсан, 2025
Жаңалықтар
Геннадий Головкин Халықаралық бокс Даңқ залына енген тұңғыш қазақ атанды
- авторБақытжан Бекболат
- 5 желтоқсан, 2025






