сейсенбі, 1 қазан, 2024 2:33

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ертең Қайрат Сатыбалдының соты басталады

Ертең Қайрат Сатыбалдының соты басталады
ашық дереккөзі
Ертең Қайрат Сатыбалдының соты басталады
Ертең Астана қаласында Қайрат Сатыбалдының ісіне қатысты сот отырысы басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат . Бұл туралы агенттік тілшісіне Астана қалалық сотының баспасөз қызметі мәлім етті. Ресми мәлімет бойынша, іс қалалық сотқа бүгін келіп түскен. Ал сот отырысы ертең сағат 15-де, онлайн режимде басталады. Бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдыұлына және басқа да тұлғаларға қатысты «Қазақтелеком» АҚ мен «Көліктік сервис орталығы» АҚ қаражатын аса ірі көлемде ұрлау фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтағанын хабарлаған еді. Қайрат Сатыбалдыұлы 2022 жылдың 13 наурызында ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған болатын.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар