Жаңалықтар
Ескерту: Бүгін-ертең Алматы тауларында қар көшкіні жүруі мүмкін
- авторjambylinfo.kz
- 13 ақпан, 2024
- 681
Төтенше жағдайлар министрлігі халыққа ескерту жасады
13-14 ақпан күндері Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейіндерінде қар көшкіні жүруі мүмкін. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды jambylinfo.kz
«13-14 ақпан аралығында «Алматы қаласы–Космостанция» автожолындағы «Аюсай» бөгетінен жоғары және «Шымбұлақ — Мыңжылқы бөгеті» автожолындағы «Эдельвейс» көшкін жинау ауданында автокөліктердің, халықтың және демалушылардың кіруін шектейтін блок бекеттер қойылды», - деп ескертеді ТЖМ.
Құтқарушылар осы аралықта тауға барып, қарлы бөктерлеріне шықпаған абзал екенін ескертеді.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз