Шенеуніктер іс-сапар мен форумдарға баруды қысқартатын болды
- авторjambylinfo.kz
- 13 ақпан, 2024
- 804
Қаржы министрі Мәди Тәкиев бюджеттің шығыстары қалай қысқартылатынын түсіндірді. Қысқартуға мемлекеттік қорғаныс тапсырысы, жәрдемақы мен зейнетақы сияқты әлеуметтік блокқа бөлінетін шығыстар ілінбейді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Тәкиевтің айтуынша, қазір бюджет шығыстары 24 трлн теңгені құрайды. Оның ішінде мемлекеттік қорғаныс тапсырысы, жәрдемақы мен зейнетақы сияқты әлеуметтік блокқа бөлінетін шығыстарға ешкім тиіспейді.
.
«Шығыстарды қалай азайтамыз? Бізде әкімшілікте командировка, анау-мынау көп. Соны қайта қарайын деп жатырмыз. Одан бөлек түрлі институттарға тапсырма беріп, мақалалар жазғызады, зерттеулер жүргізеді. Бүгінгі таңда олар қажет пе, жоқ па, оны да қарастырамыз. Ал биылға елімізде ауқымды форум жоспарланып отырған жоқ. Тек Астана экономикалық форумы бар», - деді министр үкіметте өткен брифингте.
Журналистер Қаржы министрінен «жақында цифрлық даму министрі Бағдат Мусин ІТ-форум өткіземіз деп жариялады. Қаншама халықарлық ұйымдаршы шқырмақшы» деп сұрады. Тәкиев бұл ақпаратты тексеріп, бюджеттен форумдарға бөлінетін қаржыны есептеп келуге уәде берді.
«Мен қарастырып көрейін. Бізде ондай форумға қанша қарастырылғаны есімде жоқ. Қазір айта алмаймын. Келесі келгенде қандай форумдар өтеді, қанша қаражат бөлінеді, есеп берейін», - деді қаржы министрі.
Өткен аптада премьер-министр Олжас Бектенов бюджет шығыстары толығымен экономикалық табыс әкелуге бағытталып, өнімсіз шығыстар толығымен жойылуы керек екенін мәлімдеді. Үкімет басшысы қаржы министрлігіне 10 күн ішінде республикалық бюджетке және бір ай ішінде жергілікті бюджеттердің барлығына ревизия жүргізіп, аса маңызы жоқ шығыстарды айтарлықтай қысқарту туралы тапсырма берді.
«Ешкім де ақшаны орынсыз шашпауы керек",- деді премьер.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
«1 млн. 107 600 теңге»: Жамбылдық ұстаздар ақшалай сыйақыға ие болды
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024