Тараздағы мектептің медбикесіне күніне 60-100 бала қаралады – комиссия
- авторjambylinfo.kz
- 13 ақпан, 2024
- 793
Тараздағы №1 гимназияның мейірбикесіне күніне кемі 60-100 оқушы келіп қаралады. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кеңейтілген отырысында комиссия хатшысы Бақыт Жақсылықова мәлім етті, деп Jambylinfo.kz.
Айта кетейік, қазір мектептерде 700 балаға бір мейірбике жауапты болу керек. Бақыт Жақсылықованың айтуынша, Тараз қаласындағы №1 гимназияда білім алатын 2403 оқушыға небары 2 медбике қызмет көрсеткен. Ал, дереккөзге сүйенсек, мектептің медициналық пунктіне күніне кемі 60-100 бала барып қаралады екен.
«2023 жылғы 14 наурыздағы № 37 бұйрықпен бүгінгі күні мектептерге бекітілген мейіргерлердің штаттық бірлігі азайып, оларға медициналық көмек көрсету туралы функционалдық жүктемелері 200 оқушыға көбейді. Яғни, бұрын 500 баланы бір мейірбике қараса, қазір бір медциналық персонал 700 баланы тексеруі керек. Бұл өз кезегінде медициналық көмектің сапасының төмендеуіне әкеп соқтыруы мүмкін. Былтыр Тараз қаласы №1 гимназияда 2403 оқушы болса, онда небары 2 медбике жұмыс атқарады. Сондағы мейірбикенің біреуі атап көрсеткендей, медициналық пунктке күніне 60-100 жуық бала қаралады екен», - деді цифрларды атаған Жақсылықова.
Осыған байланысты, комиссия хатшысы балалардың денсаулығы үшін бұл мәселені қарастырып, мектептердегі мейірбикелердің санын көбейту керек деген ұсынысын мәлім етті.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз