дүйсенбі, 30 қыркүйек, 2024 10:19

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Футболдан Әлем чемпионатын жүргізетін комментаторлар анықталды

Футболдан Әлем чемпионатын жүргізетін комментаторлар анықталды
ашық дереккөзі
Футболдан Әлем чемпионатын жүргізетін комментаторлар анықталды
«Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарында 2022 жылғы 20 қарашада Қатарда басталатын футболдан Әлем чемпионатын жүргізетін комментаторлар белгілі болды. ХХІІ Әлем біріншілігі ойындарының ел аумағындағы ресми хабар таратушысы - «Қазақстан» телерадиокорпорациясы 14 комментатордың есімін жариялады.        Тікелей эфирде қазақ тілінде Есей Жеңісұлы, Ермұхамед Мәулен, Жандос Байділдә, Ерсін Ерікұлы, Уәлихан Қосанбай, Әлімжан Асқарұлы, Руслан Бақытжан, орыс тілінде Сергей Райлян, Ербол Қайыров, Дмитрий Настеренко, Виктор Кирилюк, Дінмұхаммед Төлегенов, Дидар Қадыров және Әділет Құсайынов комментаторлық етеді. Әлем чемпионатының 64 матчы «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан көрсетіледі. «Qazaqstan» телеарнасындағы ойындар тек қазақ тілінде жүргізіледі.         Алғашқы ойын 20 қараша күні елорда уақытымен 22:00-де Катар – Эквадор командалары арасында өтеді. Қазақстандық жанкүйерлер Әлем біріншілігін «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарының тікелей эфирінен және qazaqstan.tv, qazsporttv.kz ресми сайты мен «Qazaqstan.tv» мобильді қосымшасы арқылы онлайн көре алады.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар