дүйсенбі, 30 қыркүйек, 2024 12:19

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

"Хабар" мемлекетке дивиденд төлеуге міндеттелді

"Хабар" мемлекетке дивиденд төлеуге міндеттелді
ашық дереккөзі
"Хабар" мемлекетке дивиденд төлеуге міндеттелді
"Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы мемлекеттік қатысу үлестеріне кірістер туралы"  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 142 қаулысына өзгеріс енгізілді, деп хабарлайды Jambylinfo Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
  "2-1. Акцияларының жүз пайызы республикалық меншіктегі "Хабар" агенттігі" акционерлік қоғамы 2019 жылдың қорытындысы бойынша шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілікте көрсетілген таза кірістің 5 (бес) пайызын акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидендтер төлеуге жібереді", - деп жазылған үкімет қаулысында. Құжатқа осы жылдың 4 қарашасында қол қойылған. Бірақ қаулы 2020 жылғы 23 желтоқсанынан бастап қолданысқа енгізілетіні көрсетілген. Айта кетейік, 2022 жылдың 29 наурызында “Хабар” агенттігінің төрағалығына президенттің бұрынғы баспасөз хатшысы Берік Уәли келді. Оған дейін бұл қызметті Ерлан Бекхожин атқарған.  
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар