дүйсенбі, 30 қыркүйек, 2024 14:31

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Риддердегі жылу электр орталығында тағы да апат болды

Риддердегі жылу электр орталығында тағы да апат болды
ашық дереккөзі
Риддердегі жылу электр орталығында тағы да апат болды
Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласындағы жылу электр орталығында тағы да ақау шықты. Бүгін түнде Риддердегі жылу электр орталығында тағы да ақау шыққан. Осыған орай қала әкімдігі ресми мәлімдеме жасады. «9 қарашада жылу электр орталығындағы №6 жоғары қысымды қазандық іске қосылған болатын. 10 қараша күні түнгі сағат 01:00-де температурасы 65 градусқа жеткен №6 қазандық апатты жағдайда сөндірілді. Бірден жөндеу жұмыстары басталып кетті», - деді қала әкімі Дмитрий Горьковой. Оның айтуынша, қазіргі уақытта орташа қысымды 3 қазандық жұмыс істеп тұр. Апатты жоюға барлық мамандар мен жабдықтар жұмылдырылған. Еске салсақ, Риддер тұрғындары ЖЭО-ны коммуналдық меншікке қайтару туралы петиция жазған болатын.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар