Жаңалықтар
Гүлмира Сатыбалды тергеу кезінде шетелге қашып кетпек болған
- авторjambylinfo.kz
- 9 наурыз, 2023
- 324
Гүлмира Сатыбалды тергеу кезінде шетелге қашып кетпек болған
Астана қаласы Байқоңыр ауданының №2 сотында Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалдыға қатысты іс бойынша алдын ала тыңдау жүріп жатыр.
Процесс барысында адвокаттары Г.Сатыбалдыға қатысты бұлтартпау шарасын үй қамаққа өзгерту және қылмыстық істі тоқтату туралы өтініш білдірді.
«Бұлтартпау шарасы тек нақты себеп болған кезде өзгертіледі. Қазіргі уақытта оған негіз жоқ. Өйткені, сотқа дейінгі іс жүргізу барысында айыпталушы Гүлмира Сатыбалдының шекара асып кетуге тырысқаны туралы фактілер анықталды. Сондықтан бұлтартпау шарасы өзгеріссіз қалады деп санаймын», - деді прокурор Альмира Қожахметова.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз