сейсенбі, 26 қараша, 2024 9:59

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Гауһар далада қалған қыздарды баласымен бірге бауырына басқан

Гауһар далада қалған қыздарды баласымен бірге  бауырына басқан
Сурет ашық дерекөзден алынды
Әлеуметтік желі қолданушысы оң босағада отырып аяғы ауыр болған, барар жер, басар тауы қалмаған үш қызды бауырына басып, көмектескен, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Өз парақшасында Гауһар Жолмаханбет қыздардың басынан өткен оқиғаларын жазды. «Бірінші келген қызды  күйеуі  ұра берген соң кетіп қалған. Балалары күйеуінде қалыпты. Алматыға келіп, тағы бір еркекке алданып бала тауып алған. Қамқорлық жасайтын әжесі қартайған. Шешесі мұны кішкентай кезінде әжесіне  қалдырып, күйеуге шығып кеткен. «Ана үйіне» шыққан соң баламен  маған келді. Кейін Таразда біреу жұмысқа шақырыпты. Баласымен  бірге «сол үйде тұрып, сол жерде жұмыс істейтін болдым» деп кеткен. Кейін  білсем, барған үйіндегі ер адам «баласы миды ашытты» деп шығарып жіберіпті. «Үйге кел қайтадан» дегеніме «Ұяламын» деп келмеді. Ол қыздан қазір  хабар жоқ. Екінші  қыз  толыққанды отбасынан-ақ шыққан. Жоғары білімді, шет елде оқып келген, хас сұлудың  өзі. Аяғы ауырлап қалған. Әке-шешесіне  айта алмады, жерге қаратқысы келмеді. Кейін жігіті баласымен алып кетті. Одан кейін екі бала туды. Бәрібір дұрыс болмады. Жігіт  нағыз  абьюзердің  өзі  болып шықты. Қыз таяқ жеуден көз ашпады. Үшінші  қыздың екі қызы бар еді. Алғашқы некесі сәтсіз болған. Үміттеніп тағы күйеуге шығам деп ойлаған, ол да болмаған.  Табылған жұмысты істеп, қыздарын өзі асырап отыр. Пітір, садақа деген нәрсені  сол қызға салуға тырысамын. Үш қыз да өте жақсы қыздар. Әттең, дұрыс  жігітке  тисе, бір-бір үйді дөңгелетіп- ақ отырар еді. Бұл қыздар сондай, тап-таза еді» дейді Гауһар. Желі қолданушылары Гауһарға алғыс жаудырып, ізгі тілектер әлі де толастамай тұр.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар