дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 12:39

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Немересі дәрігер болып, атасының ақшасын сыпырып кетті

Немересі дәрігер болып, атасының ақшасын сыпырып кетті
Сурет ашық дерекөзден алынды
Әлеуметтік желіде Азиза Ұларбек парақшасымен танымал 5 жасар тиктокер, жұртты сүйсіндірді, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Бейнеролик барысында атасының қызы дәрігер ролін сомдап отырып, жүрек соғысын қағазға айнытпай сызып: «Қай жеріңіз ауырады?» деп атасынан сұрайды. Немересінің қылығына сүйсіне түскен атасы «Саған көп ақша берейін» деп бар ақшасын  үстел үстіне қояды. Сол сәт дәрігер болып отырған қыз ақшадан көз алмай: «Ата, сізге телефонды көп қарауға болмайды. Карта ойнауға көшеге шықпаңыз. Уақытылы ұйықтап, уақытылы тамақ ішіп жүріңіз. Әсіресе түнде телефон көруге болмайды. Осы нәрсені дұрыс жасасаңыз, жазылып кетесіз» деп кеңес беріп, ақшасын апыл-ғұпыл жинап шығып кетті. Бұл шынайы көрініске тәнті болған көрермендер, немере мен атасына ақ тілегін қарша боратты.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар