сәрсенбі, 25 желтоқсан, 2024 23:40

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Газды дұрыс қолданбау қайғылы жағдайға себеп болады: ТЖМ тұрғындарға қатаң ескерту жасады

Газды дұрыс қолданбау қайғылы жағдайға себеп болады: ТЖМ тұрғындарға қатаң ескерту жасады
ашық дереккөзі
Газды дұрыс қолданбау қайғылы жағдайға себеп болады: ТЖМ тұрғындарға қатаң ескерту жасады
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарға газды тұтыну және оның қауіпсіздігімен байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Жамбылинфо ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап. «Газ аспаптары біздің тұрмысымыздың ажырамас бөлігі. Бірақ, оны дұрыс қолданбаудың салдарынан өрт және жарылыс сияқты қайғылы жағдайлар болып жатады. Бұл туралы қалың көпшілік білмейді емес, біледі. Алайда соған жеткілікті мән бермей жатады немесе немқұрайдылық танытады. Адамдар күнделікті күйбең тіршілік пен дүние табам деп жүріп, үйдегі табан ақы, маңдай термен тапқан дүниесінен айырылып қалуы мүмкін екендігін естен шығарып алып жатады. Ең қорқыныштысы төтенше жағдайлардың салдарынан бала-шаға, жақындарынан да ажырап қалатын жағдайлар болады. Өкінішке қарай, қазіргі таңда пайда табу үшін газ баллондарын заңсыз саудалаумен айналысатындар көбейіп кетті. Осыған сақ болу керек. Сонымен қатар баллонды сақтау талаптары да назардан тыс қалып жатады. Айталық оларды күн көзі тиетін ашық жерде қалдырмау, отқа жақын жерден аулақ қою сияқты қауіпсіздік ережелерін назардан тыс қалдырмаған жөн. Мұндай жағдайда баллондағы сұйытылған газдың ауамен қосылып жарылысқа қауіпті қоспаны түзейтінін естен шығармаған жөн. Құбырдың ақауынан немесе тұрғындардың салғырттығынан бөлмеге енген газ да өте қауіпті. Ол жарылуға бейім тұрады. Бұл үшін жану көзінің – сіріңе немесе электр жарығының ұшқыны жеткілікті»,-делінген хабарламада.
photo
  Сондай-ақ онда қазіргі таңда өрт сөндіру қызметкерлерінің қауіпсіздік бойынша оқыту және өрттің алдын алу жұмыстарын жүргізіп жатқаны айтылады. Бұл бағыттағы бұқаралық ақпарат құралдары, жергілікті полиция, «КазТрансГазАймақ» АҚ ЖӨФ, жергілікті атқарушы органдар өкілдері және волонтерларды қатыстыра отырып өрт қауіпсіздігі сенбілігі және әртүрлі өрт қауіпсіздігі акциялары ұйымдастырылып жаыр. «Өрттің алдын алу және жол бермеу жұмыстары тұрғындардың өрт қауіпсіздігіне мұқият болып, өртке қарсы қорғанысты күшейтуге мүмкіндік береді деп үміттенеміз»,-делінген Жамбыл облыстық Төтенше жағдайлар департаменті таратқан ақпаратта. Тұрмыстық газдан келетін жарылыстарға жол бермеу мақсатында газ аспаптарын қолдану және күтім жасау кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережелерін білу қажет: - газ баллондарын көп қабатты (2 қабаттан жоғары) тұрғын үйлерде қолдануға тыйым салынады; - газ аспаптарын өздігінен жөндеу жұмыстарын жүргізуге болмайды; - газ құбарларының ақауын өздеріңіз жөндемеңіздер!. - баллонды ауыстыру кезінде, жаңа және қолданылған баллондардың крандары жабық екендігіне көздеріңізді жеткізіңіздер. Ауыстырғаннын кейін оның герметивтілігін (сабынды көбіктің көмегімен) тексеріңіздер; - электр қондырғыларының, жанып жатқан пештің, ашық оттың жанында газ баллонын ауыстырмаңыздар; - пәтерлерде және тұрғын үйлерде қолданылатын газ баллонының көлемі 12 литрден аспауы керек. - баллондарды сақтайтын қоймалар бір қабатты тез ашылатын, шатыры жоқ ғимараттарда сақталуы тиіс; - баллондар сақталатын бөлмедегі терезелер ақ бояумен боялуы немесе күннен қорғайтын қондырғылармен жабдықталуы тиіс; - газ баллондар күн нүрынан және жауын шашыннан қорғалуы тиіс; - газ сақталған қоймада басқа қондырғылар мен материалдардың сақталуына жол берілмейді; - газ сақталған қойма табиғи желдетілетін болуы тиіс; - башмактары бар газ баллондар, тігінен құлауға жол бермейтін арнайы ұяшықтарда, клеткаларда немесе басқа да қондырғыларда сақталуы қажет. Башмактары жоқ баллондар тігінен рамаларда немесе стеллаждарда сақталады. - газдың шығуынына жол бермеу үшін тамақ әзірлеу кезінде, қайнап жатқан сұйықтықтарды отқа төгілуіне жол бермеу қажет. - жұмыс соңында газ баллонын сөндіруді ұмытпаңыз; - үйден кетер кезде газ плитаны сөндіру және баллон кранын жабуды ұмытпаңыздар; - газ иісін анықтаған жағдайда баллон кранын жауып газ беруді тоқтату қажет, тез арада есік терезені ашып бөлмені желдету, ашық отты пайдаланбау, электр аспаптарын сөндіріп тастау қажет және телефон сымын розеткадан ажырату және газ қызметі мамандарын «104» телефоны арқылы шақыру қажет; - қажет болған жағдайда бөлмеден шығу және көршілерге бұл жөнінде хабарлау қажет. Өртке қарсы ережелерді меңгеру - бұл тұрмыста және өндірісте өрттің орын алу мүмкіндігін азайту кепілі. Айта кетейік, 17 сәуір күні сағат 5 шамасында Жаңаөзен қаласында екі кіреберістен тұратын 12 пәтерлі 2 қабатты тұрғын үйде газ жарылып, 4 адам мерт болды.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар