Геннадий Головкин әлем чемпионы титулынан айырылды
Бразилиялық журналист Уилсон Балдинидің ақпаратына сәйкес, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин бұдан былай IBF нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы емес, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Балдини Twitter-парақшасында жазғандай, GGG белбеуден өз еркімен бас тартты. Бұл дегеніміз, ендігіде міндетті үміткер және рейтингіде бірінші орында тұрған бразилиялық Эскива Фалькао вакантты титул үшін өзге үміткермен жұдырықтасуы ықтимал дегенді білдіреді. IBF рейтингінде екінші орында - австралиялық Майкл Зерафа, үшінші орында - неміс боксшысы Винченцо Гуальтиери тұр.
Головкиннің IBF титулынан айырылғаны туралы ресми ақпарат әлі түскен жоқ. Айта кетейік, Геннадий сонлдай-ақ, WBA Super нұсқасы бойынша титулға және IBO-ның қосалқы титулына ие. Оның WBA желісіндегі міндетті қарсыласы – «қарапайым» әлем чемпионы кубалық Эрисланди Лара.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Астанада дүкендердің бірінде газ баллоны жарылып, өрт шықты
- авторjambylinfo.kz
- 16 қараша, 2024
Жаңалықтар
Көмекке жиналған қаражатты жымқырған Перизат Қайрат екі айға қамалды
- авторjambylinfo.kz
- 16 қараша, 2024