дүйсенбі, 30 қыркүйек, 2024 0:30

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Зілзаладан кейін байланысқа шықпаған»: Түркияда Қазақстан азаматы жоғалып кетті

«Зілзаладан кейін байланысқа шықпаған»: Түркияда Қазақстан азаматы жоғалып кетті
ашық дереккөзі
«Зілзаладан кейін байланысқа шықпаған»: Түркияда Қазақстан азаматы жоғалып кетті
Мирболат Құрмашев атты азамат зілзаладан кейін байланысқа шықпаған. Сыртқы істер министрлігі оның ізделіп жатқанын хабарлайды, деп жазады Ulysmedia.kz. Мирболат Құрмашев Хатай қаласында болған. Зілзаладан кейін байланысқа шықпаған. Қазақстан азаматының жоғалғаны туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин де әлеуметтік желіде жазба қалдырды. Оның хабарлауынша Мирболат – Astana Hub өкілі, ВТ Мирус компаниясының иесі.
“Алматыдағы бауырының айтуынша, ол достарымен бірге Хатайда пәтер жалдап тұрған. Олар зілзаладан кейін байланысқа шықпаған. Бүгін туған-туыстары, достары, Astana Hub басшылығы, волонтерлер Мирболатты іздеу үшін Түркияға ұшады. Егер біреуде Мирболат туралы ақпарат болса, бауырына (+7 702 430 2021) хабарласуды өтінеміз”, – дейді Мусин.
Еске сала кетейік, кеше Түркияда ірі зілзала тіркелді. Зілзаладан ресми ақпарат бойынша 6 мың ғимарат қираған. АФАД мәліметінше, 7,4 баллдық жер сілкінісі Кахраманмараш провинциясындағы Пазарджик ауданында жергілікті уақыт бойынша 04:17-де 7 шақырым тереңдікте болған. Содан кейін жер сілкінісі әр түрлі аймақтарда - Адана, Анкара, Анталья, Газиантеп, Кайсери, Мерсин, Трабзон, Урфада жарты сағат бойы сезілген. Түркияның ТRT мемлекеттік телеарнасы тікелей эфирде Түркияның оңтүстік-шығысында орналасқан провинциялардың кадрларын көрсетті. Онда тұрғындар суыққа қарамастан, зілзала қайталануынан қорқып, үйлерін тастап кетіп жатыр. РҒА институтының директоры Петр Шебалин Түркиядағы төтенше оқиға 1988 жылы Арменияның Спитак қаласында орын алған зілзаладан әлдеқайда күшті болғанын мәлімдеді. Әлемнің 65 мемлекеті Түркияға әртүрлі деңгейде көмек көрсетіп жатыр. Бүгін Қазақстан құтқарушылары Газиантепке жетті. ТЖМ құтқарушыларының иелігінде құтқарушы құрал-жабдықтары: гидравликалық және пневматикалық жабдықтар, гидравликалық домкраттар, пневмодомкраттар, перфораторлар, жарықтандыру құралдары, палаткалар, спутниктік терминал, каркасты модуль, автотехника бар. Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Түркияға көмек бергісі келетіндер қайда хабарласуға болатынын айтты.
«Ол кісілерге айтарымыз: аталған мәселе бойынша Түркияның Қазақстандағы елшілігіне хабарласқан жөн болады. Олар бұл жұмысты ұйымдастырып жатыр», - дейді ол.
Айбек Смадияров сонымен қатар Түркиядағы жер сілкінісіне қатысты өткен брифингте жедел желі іске қосылғанын айтты.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар