дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 8:33

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Германияда денесі табылған экс-судьяның күйеуі қызымен бірге Ресейге көшіп кеткен

Германияда денесі табылған экс-судьяның күйеуі қызымен бірге Ресейге көшіп кеткен
Сурет: Ашық дереккөзден алынды
Тергеушілер марқұм Айгүл Сайлыбаева кісі қолынан қаза тапқан деп санайды

Биыл жазда қазақстандық экс-судья Айгүл Сайлыбаеваның Германияда жоғалып кеткенін айтылды. Бұған дейін ол достарына күйеуі Александр Донцовтың өзін ұрғанын айтқан. Сайлыбаеваның отбасы сыртқы істер министрлігіне көмек сұрап жүгінген. 17 маусымда неміс полициясы Айгүл Сайлыбаеваның денесі Германияның Бенсхайм қаласының шетінен полиэтилен пакетке оралған күйде табылғанын жариялады. Тергеушілер қазақстандық әйел кісі қолынан қаза тапқан деп есептейді. Істі 35 маман тергеп жатыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

inbusiness.kz -тің жазуынша, қазір Сайлыбаеваның күйеуі Александр Донцовтың өзі туған Ресейге көшіп кеткен. 

"Мен Германияға тұрақты көшу мүмкіндігін ешқашан ойлаған емеспін. Мен әрқашан Мәскеуге оралып, Ресейде өмір сүргім келді. Бұл отбасымызды одан әрі қолдаудың соңғы үміті болды", – деді Донцов сұхбатында.

Марқұм әйелдің күйеуі "ішкі істер министрлігінің жедел жұмысының арқасында" қыздың екі аптадан кейін азаматтық алғанын айтты.

"Ресей Ішкі істер министрлігі бас басқармасының басшылығы отбасын бұзбау және қиындық тудырмау үшін көмек көрсету туралы шешім қабылдады. Бүгін біз Александрға қызының азаматтық алғаны туралы куәлікті табыс еттік. Қазір бала Ресей Федерациясында балалардың барлық құқықтарын пайдаланады", – деді ІІМ Мәскеу қалалық бөлімшесінің азаматтықты қарау бөлімінің басшысы Алексей Катков.

Сонымен бірге баяндамада Донцов қызының жоғалған әжесі, 49 жастағы Наталья Донцова туралы ештеңе айтқан жоқ.

Бұқаралық ақпарат құралдарының соңғы мәліметі бойынша ол Сайлыбаевамен бір күнде жоғалып кеткен. Содан бері ол туралы жаңа ақпараттар қоғамда пайда болған жоқ. Жазда хабарсыз кеткен Наталья Донцованың 2018 жылы ресейлік ЛДПР партиясына өткенін, содан кейін Мәскеу мэрлігіне үміткер болғанын хабарлады.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар