дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 13:23

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Қош бол, замандас»: Мақпал Жүнісова өмірден озған Гүлнәр Сиқымбаеваға жазба арнады

«Қош бол, замандас»: Мақпал Жүнісова өмірден озған Гүлнәр Сиқымбаеваға жазба арнады
коллаж jambylinfo.kz.
Әнші марқұм Сиқымбаевамен бірге қызмет етіп, бір жатақханада тұрған екен

Қазақстан Республикасының Халық әртісі Мақпал Жүнісова желідегі парақшасына күні кеше өмірден озған әріптесі марқұм Гүлнәр Сиқымбаеваа жайлы әсерлі жазба жариялады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

 Әріптесім Гүлнәр Сиқымбаева өмірден озды деген суық хабар жеткенде бірге «Гүлдер» ансамблінде қызмет еткен кездер, жатақханада бірге тұрған жылдар көз алдыма тізбектеле берді. Өте қарапайым, көкіректігі жоқ, адами қасиеті мол қыз еді. Кейін мен «Гүлдер» ансамблінен кетіп, Қазақконцертке кеткесін сирек жолығатын болдық. Бірақ жолыға қалсақ арқа-жарқа боп, өткен жылдарымызды еске түсіріп, жақсы әңгіме айтып, сол шақтың қайтып оралмайтынына күрсініп қоятынбыз. Енді небәрі 63 жасында қоштасып қала бердік. Жаның жәннаттың төрінде болсын, Гүлнәр замандас. Байыр балаң, немерелер ғұмырлы болсын, жақындарына қайғырып көңіл айтамыз. Қош бол, замандас, - деп жазды әнші.

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар