жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 14:24

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Илон Масктың компаниясы алғаш рет адам миына чип орнатты

Илон Масктың компаниясы алғаш рет адам миына чип орнатты
ашық дереккөзі
Илон Масктың компаниясы алғаш рет адам миына чип орнатты
28 қаңтарда әлемде бірінші рет адамды чиптеу операциясы өтті. Илон Маск компаниясы ойлап тапқан Neuralink  адам миына имплантацияланды. Операция сәтті өткен, деп хабарлайды Жамбылинфо. Бұл туралы компанияның негізін қалаушы, миллиардер Илон Маск  өзінің твиттер парақшасында жариялады.
"Neuralink импланты алғаш рет кеше сәтті орнатылды, қазір операциядан кейінгі қалпына келу процесі жақсы жүріп жатыр. Имплант жақсы нәтиже көрсетуде", - деп жазды Илон Маск постта.
Құрылғы есту аппаратына ұқсас. Құлақтың артына орнатылған ол қозғалысты басқаратын аймақтағы бір жарым мың жіп тәрізді электродтар арқылы мидан сигнал алады. «Телепатия» деп аталатын өнім телефонды, компьютерді немесе басқа құрылғыны ойдың күшімен басқаруға мүмкіндік береді. Құрылғыны жасаған мамандардың пікірінше, ол сал ауруына шалдыққан науқастар мен есту және көру қабілеті бұзылған адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға көмектесуі керек. Бұл жоба 2016 жылы пайда болған. 2021 жылы жануарларға сәтті эксперименттер жүргізілді. Өткен мамырда Neuralink-ті адамдарға эксперимент жүргізуге рұқсат алып, қыркүйек айында еріктілерді тарта бастады.  
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар