жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 12:35

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институты қайтадан ашылуы мүмкін – Нұржан Нұржігітов

Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институты қайтадан ашылуы мүмкін – Нұржан Нұржігітов
ашық дереккөзі
Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институты қайтадан ашылуы мүмкін – Нұржан Нұржігітов
Су шаруашылығы саласындағы кадр тапшылығын жою үшін Тараз қаласындағы Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институты қайтадан ашылуы мүмкін. Бұл туралы су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов үкімет отырысынан кейін өткне брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz. Нұржігітовтің айтуынша, қазір қазір Су ресурстары және ирригация министрлігі жанынан құрылған салалық кеңес осы салада маман даярлауға қажетті оқу бағдарламасын әзірлейді.
«Кадр мәселесін шешу үшін Ғылым және жоғары білім министрлігі тарапынан сегіз жоғарғы оқу орындары мен ұлттық зерттеу институтын біріктіріп, бір консорциум құрылды. Кеше біз екі министрлік тарапынан сол консорциумның бірінші отырысын өткіздік. Одан бөлек, біз министрлік жанынан салалық кеңес құрдық. Қазір сол салалық кеңес су шаруашылығы саласындағы кадрларды даярлауға арналған жаңа оқу бағдарламаларын әзірлейді. Бағдарламаны 2024 жылдан бастап жоғарғы оқу орындарына енгіземіз деп жоспарлап отырмыз», - дейді Нұржігітов.
Сонымен қатар, министр атап өткендей, су шаруашылығындағы мамандарды даярлайтын Жамбыл құрылыс институтын қайтадан ашу мәселесі өзектенген.
«Әрине, кадр тапшылығы бар. Қазір Тараз қаласындағы бұрынғы Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын қайтадан ашу мәселесі талқыланып жатыр. Бүгінгі күні министрлік сол жұмысты зерттеп жатыр. Егер біз экономикалық жағынан арнайы оқу орынның керек екеніне көз жеткізсек, біз оны ашамыз», - дейді ол.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар