сейсенбі, 26 қараша, 2024 5:11

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Имамдар мен діни қызметкерлер әлеуметтік желіні басқара ала ма?

Имамдар мен діни қызметкерлер әлеуметтік желіні басқара ала ма?
Сурет ашық дерекөзден алынды
Өзбекстандағыдай имамдар мен басқа дін қызметкерлеріне әлеуметтік желіні басқаруға тыйым салынуы мүмкін бе?

Мамыр айының 27-ші жұлдызында  Өзбекстан мешіттерінің барлық имамдары әлеуметтік желілерге кірмеу тиістігін және әлеуметтік желілердегі жазбаларға «лайк» қалдырмау туралы ескерту алған еді. «Telegram» арқылы аудио үндеуінде Ташкент қаласы бас имамының көмекшісі Ергаш Рустамов имамдарды әлеуметтік желіде қатаң бақылау қажеттігі туралы айтқан. Қаталдық танытудың себебі де жоқ емес. Оған дәлел  діни қызметкерлер желідегі сөзі үшін талай мәрте дауласқан. Дәл осындай мәселе Қазақстанда да көтерілді ме?

 «Әрине, біз көршілеріміздің бұл тәжірибесін білеміз, дегенмен, әлеуметтік желілер олардың исламдағы діни қауым өкілдерімен байланыс құралы деп есептеймін. Сондықтан біз қазір басқа нұсқаларды қарастырып жатырмыз. Ал әлеуметтік желілерге тыйым салуға келетін болсақ, мұндай мәселе жоқ», - деп жауап берді бұл сұраққа Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов. Дін қызметкерлері азаматтармен офлайн режимде, сондай-ақ  тікелей эфир арқылы да хабарласа алады.

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар