дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 18:22

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қаңтар оқиғасында қаза тапқан Айкөркемнің ісі қайта қаралатын болды

Қаңтар оқиғасында қаза тапқан Айкөркемнің ісі қайта қаралатын болды
Сурет ашық дереккөзден алынды
Арман Жұман бұған дейін жеті жылға сотталған еді

Жоғарғы сот Қаңтар оқиғасы кезінде оққа ұшқан Айкөркем Меделханның ісі бойынша 7 жылға сотталған әскери қызметкер Арман Жұманның ісі бойынша шешім шығарды, деп хабарлайды jambylinfo.kz «ҚазАқпаратқа» сілтеме жасай отырып.

«А.Жұманға қатысты қылмыстық іс құпия түрде қаралды. Кассациялық қадағалаудың қорытындысы бойынша төменгі тұрған органдардың сот актілерінің күші жойылды, іс апелляциялық сатыдағы сотқа жаңадан қарауға жіберілді», - деп хабарлады ҚазАқпарат Жоғарғы соттың ақпаратын.

Бұған дейін істі апелляциялық тәртіпте қараған әскери соттың үкімімен Арман Жұман жеті жылға сотталған болатын. 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар