сейсенбі, 17 маусым, 2025 5:07

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Көкшетауда Копа көлінің маңындағы жағалау мен веложолдың құрылысы аяқталуға жақын қалды

Көкшетауда Копа көлінің маңындағы жағалау мен веложолдың құрылысы аяқталуға жақын қалды
gov.kz
Көкшетауда жасаған жұмыс сапары барысында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов аталған нысандардағы құрылыс жұмыстарының барысымен танысты

Облыс орталығында қала аумағын абаттандыру және әлеуметтік нысандарды салу жұмыстары қарқынды жалғасуда, деп хабарлайды Jambylinfo.kz BAQ.KZ. сілтеме жасап

Таяу күндері көкшетаулықтар мен қала қонақтары жаңа веложолмен серуендеп, Копа көлінің жаңартылған жағалауымен жүру мүмкіндігіне ие болады.

Ұзындығы 12 шақырым болатын велосипед және жүгіру жолақтары қаланың солтүстік бөлігіндегі негізгі көшелер бойымен өтеді. Қазіргі уақытта аумақты тазалау, асфальт төсеу және жол белгілерін орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ, бұл – қаладағы велосипед инфрақұрылымын дамытуға бағытталған алғашқы ауқымды жоба. «Qazaq Sity Stroy» ЖШС өкілі Ринат Минкиннің айтуынша, құрылыс жұмыстарының 80%-ы аяқталған. Веложолдың ені әртүрлі: кейбір учаскелерде 1,5 метр, ал кейбірінде 2 метрге дейін жетеді. Қазіргі таңда асфальтбетон жабыны төселуде.

Сапар барысында әкім Копа көлінің жағалауын абаттандыру жұмыстарына ерекше назар аударды. Бұл жоба бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында, «Қазцинк» АҚ қаражаты есебінен жүзеге асырылып жатыр.

«АБК Автодор НС» ЖШС жобасының жетекшісі Асхат Ғалымжановтың айтуынша, қазіргі уақытта жұмыстардың шамамен 80%-ы орындалған. Барлық қажетті құрылыс материалдары жеткізілген. Қазір шағын сәулет нысандары орнатылып, ағаш отырғызу жұмыстары қызу жүріп жатыр. Жобаланған аумақ шартты түрде үш аймаққа бөлінген және әрбір аймақта құрылыс жұмыстары белсенді жүргізілуде.

Нысан бірнеше ерекше элементтерден тұрады. Олардың бірі — ел аумағында баламасы жоқ скейт-алаң. Бұл нысанды жобалау мен іске асыру үшін Ресей Федерациясынан арнайы мамандар шақырылған.

Сонымен қатар, жобаның екінші аймағында биіктігі 5 метрге дейін жететін арқанды саябақ, футбол алаңы мен амфитеатр орналастырылады. Қазіргі таңда амфитеатрды орнату жұмыстары басталды, оны 26 мамырға дейін, арқанды саябақ сынды жұмыстарды толық аяқтау жоспарланып отыр.

Жобада жарықтандыру мәселесіне де баса мән берілген — аумақта биіктігі 5-тен 8 метрге дейінгі үш түрлі заманауи жарық тіректері орнатылады. Әр аймақ сапалы жарықпен қамтамасыз етіліп, толық абаттандырылады. Мұнда сондай-ақ фудкорт аймақтары мен келушілерге арналған өзге де қолайлы жағдай қарастырылған.

Жаңа нысандар ең алдымен тұрғындардың сүйікті демалыс орнына айналуы тиіс. Құрылыс жұмыстарының қарқыны мен сапасы белгіленген талаптарға сай болуы керек, – деді облыс әкімі.

Аяжан Дәулетбекқызы
Автор

Аяжан Дәулетбекқызы

Аяжан Дәулетбекқызы

Ұқсас жаңалықтар