бейсенбі, 12 маусым, 2025 21:36

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Павлодарда бес қабатты тұрғын үйден кішкентай бала құтқарылды

Павлодарда бес қабатты тұрғын үйден кішкентай бала құтқарылды
112KZ
ТЖМ ата-аналарға балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және сәбилерді қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді

Павлодарда бес қабатты үйден кішкентай бала құтқарылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Павлодар облысының 112 пультіне Толстой көшесіндегі бес қабатты тұрғын үйдің төртінші қабаттың ашық терезесінде кішкентай бала тұрғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Оқыс оқиға орнына жедел түрде құтқару бөлімшелері жіберілді. Құтқарушылардың бірі қызбен есіктің сыртынан сөйлесе бастады, ал басқалары альпинистік құрал-жабдықтың көмегімен төбеге шығып, терезеден пәтерге кірді. Төрт жасар бала пәтерде жалғыз болған. Құтқарушылардың жедел әрекеттерінің арқасында қайғылы оқиғаның алдын алуға мүмкіндік туды.

 

 

Аяжан Дәулетбекқызы
Автор

Аяжан Дәулетбекқызы

Аяжан Дәулетбекқызы

Ұқсас жаңалықтар