бейсенбі, 27 наурыз, 2025 8:11

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Көкшетауда өткен шеруге 1600 әйел қатысып, жаңа рекорд тіркелді

Көкшетауда өткен шеруге 1600 әйел қатысып, жаңа рекорд тіркелді
Ақмола облысының әкімдігі
«Ақ кимешек» шеруі LED-экран арқылы тікелей көрсетіліп, қала тұрғындарына әсер қалдырды

Көкшетауда өткен шеруге 1600 әйел қатысып, жаңа рекорд тіркелді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Көкшетауда ұлттық дәстүрімізді ұлықтаған ерекше шара өтті. Кимешек киген аналардың шеруі Қазақстан рекордтар кітабына еніп, тарихи оқиғаға айналды. Аталған шеруге 1600 әйел қатысып, республика бойынша жаңа рекорд орнатылды.

Оған көпбалалы аналар, ұстаздар, дәрігерлер, өнер саласының майталмандары және түрлі кәсіп иелері қатысты. Сондай-ақ, шараға Астана мен Солтүстік Қазақстан облысынан келген нәзікжандылар да қосылды.

Қазақстан рекордтар кітабының ресми өкілі Бақытжан Тастүлеков бұл ерекше шараны ресми түрде рекорд ретінде тіркеп, Ақмола облысының әкіміне арнайы сертификат табыстады.

"Бүгін 1600 ана кимешек киіп, ұлттық дәстүріміздің мәртебесін асқақтатты. Бұл – ел тарихындағы айрықша оқиға", – деді ол.

Бөлісу:
Аяжан Дәулетбекқызы
Автор

Аяжан Дәулетбекқызы

Аяжан Дәулетбекқызы

Ұқсас жаңалықтар