бейсенбі, 27 наурыз, 2025 0:10

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

"Тазару күні”: Таразда тазалық жұмыстары жүргізілді

"Тазару күні”: Таразда тазалық жұмыстары жүргізілді
Jambylinfo.kz
Экологиялық акцияға 50-ден аса қала жастары қатысты

Бүгін Таразда “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында тазалық жұмыстары жүргізілді,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz

 

Экологиялық акция қаланың бірқатар нүктесінде ұйымдастырылды. Соның бірі - Денсаулық саябағы. Мұнда Облыстық жастар ресурстық орталығының және “Жасыл ел” еріктілер жасағынан 50-ден аса жас жиналып, арық-атыздар мен жолдағы күл-қоқыстарды тазалады.

 

Айта кетейік, Жамбылда наурыз-сәуір айларына жоспарланған 10,9 мың тал ағаштарын отырғызу, 17 мың м2 гүлзарлар мен 5,7 мың м2 көгалдар орналастыру, 803,8 шақырым арық жүйелері мен каналдарды тазалау, 2 781 шақырым көше жолдарын, 668 140 м2 саябақтар мен скверлердің аумақтарын тазалау, 5,0 мың тонна күл-қоқыс шығару жұмыстары кестеге сәйкес кезең-кезеңімен жүргізілуде.

Аяжан Дәулетбекқызы
Автор

Аяжан Дәулетбекқызы

Аяжан Дәулетбекқызы

Ұқсас жаңалықтар