Көкшетаудағы қазандықтарды жөндеуге Үкімет резервтен 816 млн теңгеден астам қаржы бөлді
- авторjambylinfo.kz
- 5 мамыр, 2024
- 633
Республиканың жылу көздерін кешенді жаңғырту жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов Көкшетаудағы қазандықтарды жөндеуге Үкімет резервінен қаражат бөлу туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап
Ақмола облысының бюджетіне ағымдағы нысаналы трансферттер түрінде №1 және №2 аудандық қазандықтарда тиісті жұмыстар жүргізу үшін 816 млн теңгеден астам қаражат аударылады. Атап айтқанда, конвективті бөліктің пакеттерін және қазандық агрегаттарын жөндеу, сондай-ақ қыздыру беттерін және шикі көмір бункерлерін ауыстыру жоспарланып отыр.
Аталған шараларды іске асыру нәтижесінде қазандықтардың тиімділігі артып, апаттар мен тоқтап қалу фактілерінің саны азаяды, бұл алдағы жылыту маусымының іркіліссіз өтуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар бүгінде Көкшетауда қаланың жылу және электр энергиясына деген өсіп келе жатқан қажеттіліктерін толық қамтамасыз етуге тиіс толыққанды ЖЭО салу жобасын пысықтау жұмыстары жалғасуда.
Оның техникалық көрсеткіштері жылу қуаты – 520 Гкал/сағ, электр қуаты – 240 МВт болады деп жоспарлануда. Бұл ретте Көкшетауды одан әрі газдандыруды ескере отырып, табиғи газға көшіру мүмкіндігі бар түрлі отынды көміртозаңды қазандықтар орнату көзделген.
Жоба биылғы 17 сәуірде Қазақстан мен Ресей арасында қол қойылған келісім шеңберінде жүзеге асырылады. Қазақстан тарапынан уәкілетті ұйым «Самұрық-Энерго» АҚ биыл ЖЭО жұмысын бастау үшін тиісті жол картасын әзірледі.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
«1 млн. 107 600 теңге»: Жамбылдық ұстаздар ақшалай сыйақыға ие болды
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024