дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 2:38

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

"Көп қыздың жүрегі қақ ортасынан айырылған күн": Мархабат Бесбаеваға қыздар жан сырын ақтарды

"Көп қыздың жүрегі қақ ортасынан айырылған күн": Мархабат Бесбаеваға қыздар жан сырын ақтарды
Сурет ашық дерекөзден алынды
Мейрамбек Бесбаевтың жары Мархабат Бесбаеваның желідегі жазбасына оның оқырмандары өз естеліктерін жариялаған

Сегізінші шілде эстрада жұлдызы Мейрамбек Беспаев пен жары Мархабаттың үйлену тойы болған күн, – деп хабарлайды «jambylinfo.kz».

 Шаңырағын шаттыққа бөлеген қуанышты күн мен асыл жарымен бірге кешірген аяулы сәттерін еске алған жұлдыздың жары Мархабат өз естелігімен бөлісті.

«Мен сол бір тамаша күнді жиі еске аламын. Жадымдағы жылы естеліктер жүрегімнің түбінде сақтаулы. 
Қызығы мен қиындығы қатар қаншама сәттер болды. Қанша сынақтан сүрінбей өттік. Осының бәрі тағдырдың бізге берген сыйы. Аллаға шүкір Мен жар таңдаудан қателеспеген бақытты жанмын. 
Жаным менің, саған күш-қуат пен сарқылмас төзім тілеймін. 
Біздің отбасымыз үшін, балаларымыздың болашағы үшін істеп жатқан еңбегің үшін, бізді алақаныңда ұстап аялағаның үшін мың алғыс. 
Біздің бақыт пен қуанышқа толы күндеріміз али алда Ин шаа Аллаһ!» деп жазды Мархабат.

Жұлдызды отбасын тарихи күнімен құттықтап ыстық ықыласын арнаған үзеңгілес, өнердегі һәм өмірдегі досы Сәкен Майғазиев «Бақыттарың баянды болсын, досым! Мархатаймен бір жастықта қартаюды жазсын Жаратқан. Қырықбай, Елубайлар дүниеге келе берсін» деп тілек білдірді.

Толассыз жазылған тілектердің көбі қыздардан екенін байқадық. 

«Осы күні 1 апта тамақ ішпей жылап едім. Қайран жастық, Мейрамбекпен бірге біз де қартайып келе жатырмыз», «Қазақстанның көп қыздарының жүрегінің қақ ортасынан айырылған күні ғой», «Мейрамбек үйленіпті. Келіншегінің той көйлегі пультпен екен. Машинаға отырғанда жиналады, сыртқа шыққанда етегі үлкейеді  екен» деп бір көрші қыз айтқан. Сол рас па екен? Өтірік болса, не деген фантазия деймін де. Әйтеуір жұмыстан ауылға қайтып бара жатқанда кішкентай қыздар «Төй, 5-6 жыл жүре тұрмады ма екен?" деп бір-біріне әңгіме айтып жатқанда неше оқисыңдар деп сұраған едім.  6-шы сынып оқитындар екен...  Мейрамбек+Мархаббат бақыттарың баянды болсын. Мәкеңнің көзқарасында ғой, Мархасына махаббаты. 20 жылдыққа орта толсын. Бізге де биыл 20 жыл» деп жазды  нәзік жандылар.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар