Президент Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаевты қабылдады
- авторjambylinfo.kz
- 9 шілде, 2024
- 930

Мемлекет басшысы Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаевты қабылдады, деп хабарлайды jambylinfo. kz.
Ермек Маржықпаев қазақстандық спортшылардың Парижде өтетін ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарына дайындығы туралы баяндады.
Министрдің сөзінше, олимпиадаға ел спортшылары спорттың 25 түрінен 92 лицензия иеленген.
Парижде барлығы 80 спортшы ел намысын қорғайды. Ұлттық құраманың Олимпиадаға дейінгі оқу-жаттығу жиындары мен спортшыларды қолдау шаралары туралы айтты. Спортты басқару институттарын жетілдіру бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстардың есебін берді.
Мемлекет басшысы Олимпиада ойындарының спортшыларымызға зор жауапкершілік жүктейтінін атап өтіп, Қазақстан құрамасы әлем алдында мәдениетті, ұстамды әрі озық үлгілерімен ерекшеленуге тиіс екенін тілге тиек еткен.
Еске салайық, Париждегі Олимпиада ойындары 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Мемлекет басшысы анасы туралы әсерлі жазба қалдырды
- авторБақытжан Бекболат
- 11 мамыр, 2025
Су мен оттан сақтан: Жамбылдағы алдын алу жұмыстары
- авторБақытжан Бекболат
- 11 мамыр, 2025