дүйсенбі, 25 қараша, 2024 10:41

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Көпшілікке ұнамайтынын білдік»: Аймағамбетов соңғы қоңырау жайлы ойын айтты

«Көпшілікке ұнамайтынын білдік»: Аймағамбетов соңғы қоңырау жайлы ойын айтты
ашық дереккөзі
«Көпшілікке ұнамайтынын білдік»: Аймағамбетов соңғы қоңырау жайлы ойын айтты
Бұрынғы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов соңғы қоңырауды 25 мамырдан 1 маусымға ауыстыруға қатысты пікірін білдірді деп хабарлады Жамбыл Инфо  turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.
«Егер оқулықтарды жинап алса, бұл сұрақты маған қоймауларыңыз керек. Сұрақты Оқу-ағарту министрлігіне қою қажет. Мен әріптестерімнің бұл мәселемен айналысып жатқанына сенімдімін. Ол жерде барынша білікті құрам жұмыс істейді. Қызметкерлер өз жұмысын біледі», – деді Асхат Аймағамбетов Мәжілістің кулуарында берген сұхбатында.
Сондай-ақ экс-министр үнемі барлығына ұнайтын шешім қабылдау мүмкін емес екенін айтты.
«Мысалы, біз мектеп директорларын ауыстыруды ұсындық. 7 мың мектеп директорына бұл ұсыныс ұнады деп ойламаймын. Біз директорлардың жұмыс істеу мерзімін бес жылмен шектеу туралы айттық. Ол да бәріне бірдей ұнай қоймауы мүмкін. Кез келген шешімді жақтайтындар да, ұнатпайтындар да табылады. Ең бастысы, оған әрқашан негіз болуы тиіс, зерттеу, тәуекелдер назарға алынуы қажет. Елге қажетті шешімді ғана қабылдаған дұрыс», – деді Асхат Аймағамбетов.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар