дүйсенбі, 30 қыркүйек, 2024 22:21

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

ВОЛЕЙБОЛДАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ VI ЖАЗҒЫ СПАРТАКИАДАСЫ

ВОЛЕЙБОЛДАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ VI ЖАЗҒЫ СПАРТАКИАДАСЫ
ашық дереккөзі
ВОЛЕЙБОЛДАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ VI ЖАЗҒЫ СПАРТАКИАДАСЫ
Таразда волейболдан Қазақстан Республикасының VI жазғы спартакиадасы басталды. Ерлер арасында Жамбыл, СҚО, Жетысу, Атырау, Алматы, Қарағанды, Ақтөбе, Маңғыстау, Түркістан, Павлодар облыстары Астана, Алматы, Шымкент қалаларының құрамалары бақ сынайтын болады. Әйелдер құрамалары сапында Жамбыл, БҚО, Қарағанды, Алматы, Маңғыстау, СҚО, Атырау, Ақтөбе, Павлодар, Түркістан, ШҚО облыстарының және Астана, Алматы, Шымкент шаһарларының бұрымды спортшылары өнер көрсетпек. Спартакиаданың басты мақсаты - Ханчжоуда өтетін 19-шы жазғы Азия ойындарына және 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада ойындарына іріктеу. Сонымен қатар, ерлер және әйелдер арасында Ұлттық құраманы жасақтау. Айта кетейік, волейболдан ерлер және әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасының VI ЖАЗҒЫ СПАРТАКИАДАСЫ 3-ші маусымға дейін жалғаспақ.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар