дүйсенбі, 30 қыркүйек, 2024 2:28

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Канело» Головкинді нокаутқа түсіруге ниетті

«Канело» Головкинді нокаутқа түсіруге ниетті
ашық дереккөзі
«Канело» Головкинді нокаутқа түсіруге ниетті
Екінші орта салмақтағы әлемдік барлық негізгі титулдың иесі Сауль «Канело» Альварес қазақстандық Геннадий Головкинмен үшінші жекпе-жегін мерзімінен бұрын аяқтағысы келетінін тағы да баса айтты, деп хабарлайды Sports.kz . Бұл ретте ол GGG-мен белгіленген раундтарды соңына дейін жеткізуге әзір екенін де айтты. Головкин мен Канело арасындағы бұған дейін өткен екі жекпе-жектің бірі тең есеппен, ал екіншісі төрешілердің басым бөлігінің шешімімен мексикалық боксшының жеңісімен аяқталған еді. «Бұл жекпе-жектегі мақсатым – нокаутқа түсіріп жеңіске жету, бірақ барынша жинақы боламын. Егер нокаут орын алса, жақсы. Олай болмаса, 12 раундқа да дайынмын», - деді Альварес тілшілерге берген сұхбатында. Еске салайық, Головкин мен Канело арасындағы үшінші жекпе-жек 17 қыркүйекте (Қазақстанда 18 қыркүйек күні таңертең) Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтеді. Айқасты Қазақстанда тікелей эфирден көруге болады. Кеше қос боксшы Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада штаты) MGM Grand ойын-сауық кешенінде ұйымдастырылған «қарсы алу салтанатына» қатысып, көз арбасу өткізді.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар