дүйсенбі, 30 қыркүйек, 2024 0:25

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Өмірдің барлық саласын реформалау қажет – ҚР Президенті

Өмірдің барлық саласын реформалау қажет – ҚР Президенті
ашық дереккөзі
Өмірдің барлық саласын реформалау қажет – ҚР Президенті
Жаңа рухты жаңғырту және өркениетті түсіну үшін өмірдің барлық саласын реформалау қажет. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезінде айтты, деп хабарлайды Ақорда. «Бүгінде біз бетпе-бет келіп отырған сын-тегеуріндер жаһандық процестердегі дін көшбасшыларының рөлін ой елегінен қайта өткізіп, түсінуімізді талап етеді. Осыған орай бірнеше тақырыпты айқындағым келеді. Біріншіден, барлық дәстүрлі діндерді адам өміріне құрметпен қарау, өзара құрмет, зорлық-зомбылыққа қарсы тұру сынды базалық ұстанымдардың белгілі бір жиынтығы біріктіреді», - деді Қазақстан Президенті. Мемлекет басшысы аталған ұстанымдар қазірдің өзінде жаңа әлемдік жүйенің іргетасын қалауы тиістігіне сенімді екенін айтты. «Бізге мәдениетте, экономикада және қоғамда теориялық тұжырымдар мен тәжірибелік әдістерді іргелі жаңғырту әрі үйлестіру қажет. Осынау жаңа рухты жаңғырту және өркениетті түсіну үшін бізге өмірдің барлық саласын реформалау қажет», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар