Жаңалықтар
Кентауда мектеп оқушысы пышақ жарақатынан қайтыс болды
- авторjambylinfo.kz
- 15 қыркүйек, 2022
- 293
Кентауда мектеп оқушысы пышақ жарақатынан қайтыс болды
Түркістан облысында оқушылар арасындағы жанжал адам өлімімен аяқталды деп хабарлады Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Жергілікті ПД кезекші бөліміне Кентау қаласының маңындағы ауылдардың бірінен пышақ жарақатын алған жас жігіттің денесі табылғаны туралы хабарлама түскен. Ол кәмелетке толмаған, жергілікті тұрғын, 10-сынып оқушысы болып шықты.
Оқиға орнына жедел-тергеу тобының қызметкерлері мен Түркістан облысы ПД басшылығы, сондай-ақ прокуратура өкілдері шықты.
«Түн ортасында екі ауылдың кәмелетке толмаған тұрғындары арасында жанжал туындаған. Аталмыш ауыр қылмысты ашу мақсатында тәртіп сақшылары аулаларды аралап, куәгерлерден жауап алды. Күдіктілерді ұстау бойынша басқа да шұғыл шаралар іске асырылды. Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде күдікті ретінде көрші ауылдың тұрғыны анықталып, ұсталды», – делінген хабарламада.
ҚР ҚК-нің 99-бабының 2-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Жанжалдың қалған қатысушыларын ұстау шаралары атқарылуда.
Оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Мектеп шыршадан құлаған мұғалімнің барлық шығынын өтейді
- авторИндира Тәліпқызы
- 17 қаңтар, 2025