Жаңалықтар
Жамбылда той үстінде аспанға оқ атқан азамат – полиция қызметкері емес - департамент
- авторjambylinfo.kz
- 15 қыркүйек, 2022
- 238
Жамбылда той үстінде аспанға оқ атқан азамат – полиция қызметкері емес - департамент
Жамбыл полициясы той үстінде аспанға оқ атқан ер адамға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Polisia.kz .
Әлеуметтік желілерде полиция қызметкері өз тойында аспанға қарудан оқ атты деген ақпарат тараған болатын. Аталған дерек бойынша Жамбыл облысының полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.
Тергеу барысында оқ атқан азаматтың 28 жастағы уақытша жұмыссыз, Тараз қаласының тұрғыны екендігі анықталып, оның полиция қызметкері еместігі және бұрын ішкі істер органдарында жұмыс істемегені белгілі болды.
Оқ атылған «Сайга» аңшы мылтығы заң жүзінде осы азаматтың атына тіркелгені және 2021 жылдың 1 маусымында оны алып жүруге рұқсат берілгені де анықталды. Қару тәркіленіп, сот-баллистикалық сараптама тағайындалды. Күдікті сот шешімімен үй қамаққа алынды. Кінәсі дәлелденген жағдайда 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылады.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Таразда сотталған азаматшаның жазасы жеңілдетілді
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Жаңа заң: Дәрігерлердің қателігі үшін науқасқа ақы төленеді
- авторСадуақас Айсұлу
- 5 қараша, 2024
Жаңалықтар
Ақтауда қатты жел соғып, қаланың тең жартысы жарықсыз қалды
- авторСадуақас Айсұлу
- 5 қараша, 2024