бейсенбі, 19 қыркүйек, 2024 13:53

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Әкеге құрмет»: әкесін арқалаған Елдос Сметов елдің сүйіспеншілігіне бөленді

«Әкеге құрмет»: әкесін арқалаған Елдос Сметов елдің сүйіспеншілігіне бөленді
Сурет Видеодан скрин
Чемпион осылайша әкесіне құрмет көрсеткен

Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов Тараз төрінде  Шүкір той берді. Тойда спортшы әкесін арқасына салып арқалап, құрмет көрсеткен, деп хабарлайды Jambylinfo. kz. 

Әлеуметтік желіде тараған видеодан чемпионның әкесін арқасына салып, көпшіліктің алдынан жүріп өткенін көруге болады. 

Той қонақтары балуанның әкесіне деген ізетіне ризашылық білдіріп, қол шапалақтап тұр. 

Ал желі қолданушылары "әке - асқар тау", "әкеге не істесең, алдыңа сол келеді" деп спортшыға ақ тілектерін жаудырған. 

Еске салайық, кеше Жамбыл жұртшылығы Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметовты сән-салтанатымен күтіп алды. Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев жеке кәсіпкерлердің демеушілігімен балуанға 5 бөлмелі пәтер мен су жаңа көліктің кілтін сыйға тартты. Спортшының жеке бапкері Ғалымжан Жылгелдиевке де 2 бөлмелі үй мен көлік табыс етілді. 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар