жұма, 20 қыркүйек, 2024 0:00

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

"Ел-аға деп атаймын": әнші Төреғали Елдос Сметовке қымбат сыйлық тарту етті

"Ел-аға деп атаймын": әнші Төреғали Елдос Сметовке қымбат сыйлық тарту етті
Сурет:Ашық дереккөзден алынды
Ол чемпионға асыл тұқымды жылқысын сыйға тартты

Белгілі әнші Төреғали Төреәлі Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметовке асыл тұқымды жылқысын сыйға тартатынын айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Бұл туралы әнші желідегі парақшасында жазған.

"Мен оны Ел-аға деп атаймын. Менде бұрын үлкен ағалар берген жылқы бар. Жақсы асыл тұқымды. Соны сыйға тартамын", - деді әнші ағынан жарылып. 

Әнші балуанға "Көкпарға тойып мінерсіз! Тұлпарыңыз салым сала берсін! Өзіңіз алтындар ала беріңіз, досым" деп ақ тілегін атқарған. 

Айта кетейік, кеше Тараз төрінде Олимпиада чемпионы Елдос Сметовтың құрметіне ұйымдастырылған гала-концертте әнші Төреғали Төрәлі де өнер көрсетті.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар