жексенбі, 24 қараша, 2024 10:47

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Әкімдер сайлауы туралы ашық әңгіме

Әкімдер сайлауы туралы ашық әңгіме
ашық дереккөзі
Әкімдер сайлауы туралы ашық әңгіме
Nur Otan партиясы жа­нын­дағы Азаматтық қо­ғам­ды дамыту және мем­лекеттік басқару жө­нін­­дегі республикалық қо­ғам­­дық кеңестің отырысында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту­дың жаңа тұжырымдамасын әзірлеу, сондай-ақ ауыл­дар мен ауыл­дық ок­ругтер әкімдері­нің тікелей сайлауын өткізу мәселелері талқыланды. Оған сая­си партиялардың, ірі үкі­меттік емес ұйым­дар­дың өкілдері, саясаттанушылар мен сарапшылар қатысты.  
Кеңес азаматтық қоғам мен мем­лекеттік басқаруды дамыту­дың өзекті мәселелері бойын­ша ұсыныстар әзірленетін біре­гей алаң болып саналады. Оның мін­дет­тері – партияның сай­лауал­ды бағдарламасының іске асы­рылуына, Жол картасы ин­ди­каторларының орында­луы­на мониторинг жүргізу және бақылау, сондай-ақ саяси диалог мәдениетін дамытуға және азаматтық бастамаларды ілге­рі­летуге жәрдемдесу. Ауыл әкімдерінің тікелей сай­лауын енгізу қажеттігін Мем­лекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің былтырғы Жол­дауында атап айтқан болатын. Ал аудандық маңызы бар қа­ла­лардың, ауылдық округтер­дің, кенттер мен ауылдардың әкім­дерін сайлауды Тұңғыш Прези­дентіміз – Елбасы Нұрсұлтан На­зар­баев 2012 жылғы Жол­дауын­­да алғаш рет ұсынғаны белгілі. Кеңес төрағасы, Парламент Мәжілісінің депутаты Айдос Сарымның айтуынша, бүгінгі таңда ауылда халықтың 41пайызы тұрады, бұл елдің ішкі жалпы өнімінің 4 пайызын ғана қам­тамасыз етеді. «Ауылдық жерлерде көлең­келі экономика басым. Ауылдың әлеу­меттік-эконо­мика­лық жағ­дайын көтермей, ел экономикасын көтеру мүмкін емес екені баршаға мәлім. Осының бәрімен күресудің бір жолы – билік тетік­терін халықтың қолына беру. Сонда ғана тұрғындар өз ауыл­дарының тыныс-тіршілігіне араласып, мәселелерді шеше ала­ды», деп атап өтті ол. Nur Otan партиясының хат­шысы Әлібек Әлденей атап өткендей, 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламада жергілікті өзін өзі басқаруды дамытудың жаңа тұжырымдамасын әзірлеу көзделген. «Бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі Жол картасында әрбір тармақ нақтыланды. Олардың бірі – демократиялық реформаларды тереңдету, халықпен кері байланыс құралдарын жетіл­діру, билікті одан әрі ор­талық­сыз­дандыру үшін ма­ңызды түрткі болатын ауыл әкім­дерінің алдағы сайлауы. Жыл соңына дейін 1 млн 250 мың сайлаушының қатысуымен ауыл­дық елді ме­кендердің 800-ге жуық әкімі сайланады деп күтілуде», деді Әлібек Әлденей. Сенат депутаты Ләззат Сүлей­мен заң жобасының жаңалығын атап өтті. Мәселен, кандидаттар 3 тәсілмен: саяси партиялар мүшелерінің қатарынан, өзін-өзі ұсыну тәртібімен, бұдан бас­қа, егер ұсыну мерзімінің со­ңына дейін екіден кем үміткер ұсы­нылса, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің кандидаттары ұсынылады. Отырыста талқыланған мәсе­ле­лердің маңыздылығы мен өзек­тілігін ескере отырып, басқа сая­си партиялардың өкілдері, саясат­танушылар, қоғам қайрат­кер­лері де сөз сөйледі. Мәселен, «Ауыл» ха­лық­тық-демо­кратия­лық пат­риот­тық партиясы төр­аға­сының бірін­ші орынбасары Төлеутай Ра­хымбеков әкім жұ­мысы тиім­ділігінің сандық индикаторын енгізуді ұсынды. Жалпыұлттық социал-демо­­­кратиялық партияның төрағасы Асхат Рахымжанов­тың пікірінше, әкім атқару­шы биліктің бел орта­сынан шы­ғып, менеджер болуы тиіс. Сон­дай-ақ ол сайлау про­цесі­нің ашықтығын, ай­қын­ды­ғын және заңдылығын қамта­ма­сыз ету үшін сайлау күні дауыс беру кезінде онлайн трансляция өткізуді ұсынды. Сонымен қатар Парламент Мәжі­лісіндегі «Ақ жол» ҚДП депутаттық фракциясы бас­шысының орынбасары, депутат Берік Дүйсембинов халқының са­ны кейбір аудандар тұрғын­дары­ның санынан асатын ірі ауыл­дардың мәселесін көтерді. «Ірі ауылдардың әкімдері үшін қосымша механизм қа­жет. Өйт­кені абаттандыру, инфра­құ­ры­лым және әлеуметтік мәсе­ле­лерді ескерсек, олардың жүкте­мелері көбірек», деді ол. Кеңес мүшесі Майра Айси­на осы қызметтерде тиісті тәжіри­бесі жоқ жас үміткерлерді оқы­ту үшін тәлімгерлік институтын енгізу қажеттілігі туралы пікір білдірді. Кеңес мүшесі Расул Жұ­малы жоспарланып отыр­ған жа­ңашылдықтар­ға қатысты ақ­параттық-түсін­діру жұмыстарын күшейтуге шақырды. Өзін өзі басқару саласындағы реформаларды талқылау ая­сында Ұлттық экономика вице-министрі Әлішер Әбдіқадыров өңір­лердің дербестігін арттыру Қазақстанның сапалы аумақ­­­тық дамуына ықпал ететі­нін атап өтті. Оның айтуынша, жер­гі­лікті өзін өзі басқаруды тиім­ді дамыту үшін мемлекеттік бас­­қару мен жергілікті өзін өзі басқа­ру дең­гейлері арасындағы өкілет­тік­тердің аражігін ажыратуды қам­титын жеке заң шығару қажет. Қазіргі уақытта жергілікті өзін өзі басқарудың негізгі орган­дарының бірі жергілікті қоғам­дастық жиналысы болып табылады. Алдағы 10 жыл­ға арналған жергілікті өзін өзі басқаруды дамыту тұ­жы­рым­дамасының жобасында жер­гілікті қоғамдастық жиналысын қайта құру жолымен ауылдық деңгейде өкілді орган – «Кеңес» құру көзделген. Өз кезегінде саясаттанушы, кеңес мүшесі Андрей Че­бо­­тарев тұжырымдаманың әлсіз жақ­тарының бірі ретінде аудандық маңызы бар қалалар мен ауылдық елді мекендер әкім­дерінің сайлауын өткізу про­цесінің үндеспейтіндігін атады. Мәселен, биыл осы деңгейдегі әкімдердің жалпы санының үштен бірі ғана сайланады. Бұл алшақтық жалпы сайлау про­цесінің ұйымдастырушылық, техникалық және қаржылық ас­пектілеріне теріс әсер етуі мүм­­кін. Сонымен қатар А.Че­бо­тарев жоғары білімге қатысты шек­теуді алып тастауды ұсынды. «Кандидаттарға қойылатын талаптарды біраз төмендету қажет. Себебі қарапайым ауыл тұр­ғын­дарының ғылыми дәре­жесі, қандай да бір басқарушы құры­лымдарда, жеке немесе мем­лекеттік қызметте жұмыс тәжі­рибесі болмағанымен, бірақ олар ауылдың деңгейін қалай көтеру керектігін білетін сауатты адамдар болуы мүмкін», деп атап өтті ол. Кеңес отырысының қорытын­дысы бойынша Жергілікті өзін өзі басқаруды дамыту тұжы­рым­дамасын жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныс әзірленді. Соның ішінде тиісті жұ­мыс тәжірибесі жоқ, тікелей сай­ланған ауыл әкімдерін оқыту үшін тәлімгерлік институтын енгізу де бар. Жиынды қорытындылаған кеңес төрағасы Айдос Сарым биыл күзде ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерін тікелей сай­лаудың бірінші кезеңі аяқтал­ғаннан кейін осы мәселе бо­йынша тағы бір отырыс өткізуді ұсынды.
 
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар