сейсенбі, 24 желтоқсан, 2024 0:24

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Кореяға жұмыс істеуге баратын қазақстандықтар енді тіл үйреніп, тест тапсырады

Кореяға жұмыс істеуге баратын қазақстандықтар енді тіл үйреніп, тест тапсырады
Сурет ашық дереккөзден алынды
Еңбек министрінің айтуынша, қазір 22 мыңға жуық отандасымыз Оңтүстік Кореяда жүр

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істеу үшін қазақстандықтарға қандай талап қойылатынын түсіндірді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Жақыпова отандастарымызға Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істеуге рұқсат берілетінін атап өтті. Еңбек министрлігі тиісті жоба әзірлеп, Сыртқы істер минисрлігі арқылы Кореяға жолдаған. Қазір оны корей тарапы қарастырып жатыр.

«Алматыдағы Әл-Фараби атындағы университетте Сертификациялау орталығы мен Алматы облысының Қонаев қаласында өндірістік базаларды дайындап қойдық. Ол жерде Кореяға шығатын қазақстандықтар екі айдан төрт айға дейін оқытудан өтуге тиіс. Корей тілінің негіздерін меңгереді, қандай жұмысқа барады, сол бойынша біліктілік алады», деді Жақыпова еңбек министрлігінің кеңейтілген алқа отырысынан кейін журналистердің сұрағына жауап беріп.

Айтуынша, қазақстандықтардың білімі мен біліктілігін Кореядан келетін аудитор тексереді.

«Ол Сертификациялау орталығында корей тілінен немесе еңбек біліктілігі бойынша тест тапсыруға қатысады. Егер қазақстандық барлық кезеңнен өтсе, Кореяға барып, емін-еркін жұмыс істей алады», деді министр.

Жақыпова қазіргі таңда 22 мыңға жуық отандасымыз Оңтүстік Кореяда жүргенін айтты. Оның ішінде 6 мыңнан аса адамның виза мерзімі өтіп кеткен.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар