жұма, 5 желтоқсан, 2025 15:49

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Әлібек Жамауов «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды

Әлібек Жамауов «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды
Фото: "Самұрық-Қазына" қоры
«Самұрық-Қазына» қорының төрағасы Нұрлан Жақыпов ұлттық компания ұжымына жаңа басшыны таныстырды.

 Жамауов бұған дейін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министрі болған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Әлібек Жамауов 1981 жылы Атырау қаласында дүниеге келген. Сүлеймен Демирел атындағы университетті және Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2005 жылы «Agip Kazakhstan Caspian Operating» компаниясында кіші кеңесші ретінде бастады.

◾️2006-2009 жылдары аталған компанияда кеңесші, супервайзер қызметтерін атқарған.

◾️2009-2015 жылдары — «Жамбыл Петролеум» ЖШС менеджері.

◾️2015-2019 жылдары — «Жамбыл Петролеум» ЖШС атқарушы директоры.

◾️2019-2020 жылдары — «PSA» ЖШС техникалық тобының жетекшісі, 2020-2023 жылдары - бас директордың орынбасары қызметін атқарды.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар