Президент Конституцияның 30 жылдығына орай бір топ азаматты марапаттайды
- авторСадуақас Айсұлу
- 29 тамыз, 2025
- 511
Мемлекет басшысы Конституцияның 30 жылдығына орай бір топ азаматты мемлекеттік наградамен, соның ішінде мерекелік медальдармен марапаттайтынын айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Мемлекет басшысы Ата заңның алғашқы жобаларын әзірлеуге қатысқан азаматтар жиынға қатысып отырғанын атап өтіп, бір топ азаматтарды, оның ішінде депутаттар мен ғалымдарға ризашылығын білдірді.
"Конституциямыздың 30 жылдығы – еліміз үшін тарихи меже.
Бүгін арамызда Конституциямыздың алғашқы жобаларын әзірлеуге қатысқан азаматтар отыр. Соңғы конституциялық реформаны жүзеге асыруға белсене атсалысқан бұрынғы депутаттар мен белгілі ғалымдар бар.
Бәріңізге зор ризашылығымды білдіремін.
Мен Конституцияның 30 жылдығына орай мемлекеттік наградамен, соның ішінде мерекелік медальдар бар, бір топ азаматты марапаттау туралы шешім қабылдадым.
Баршаңызға амандық, табыс тілеймін!
Конституциямыздың айбыны асқақ болсын!", - деді президент.





