Ұлт денсаулығы – басты назарда
«AMANAT» партиясының облыстық сайлауалды штабының мүшелері Махметғали Сарыбеков пен Жанар Бүркітбаева облыстық фтизипульмонология орталығының қызметкерлерімен кездесті. Ақ халаттылармен өткен басқосуда аманаттықтар партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, денсаулық саласындағы жетістіктер мен мәселелерді талқыға салды.
- Бүгінгі таңда онкологиялық орталықтарды жаңғыртуға жәрдемдесу және диспансерлерді диагностикалық радиологиялық жабдықтармен қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау қажет. Сонымен қатар, жедел медициналық көмекті цифрландыру, жасанды интеллектті енгізу мен телемедицина арқылы онлайн-консультациялар санын арттыру бойынша жұмысты жалғастыру керек. «AMANAT» партиясы жыл сайын денсаулық сақтау ұйымында кемінде 160 медицина қызметкерін жұмысқа орналастыруға көмектеседі. Бұдан бөлек, кемінде 38 дәрігер біліктілігін арттыру үшін жетекші шетелдік медициналық клиникаларға жіберіледі. Партия ұсынған бұл саладағы шаралардың нәтижесі халықтың өмір сүру ұзақтығын 73,3-тен 75 жасқа дейін ұлғайтуға, денсаулық сақтау ғимараттарының тозуын 38,8 пайызға дейін төмендетуге әрі маман тапшылығы мәселесін шешуге мүмкіндік береді, - деді Махметғали Нұрғалиұлы.
Жамбыл облыстық мәслихаты депутаттарының
сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT»
партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Медицина саласына мейлінше көңіл бөлінбек
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Қазақстанда Жаңа жылға қатысты ерекше есімдер тізімі белгілі болды
- авторСадуақас Айсұлу
- 31 желтоқсан, 2024
Жаңалықтар
Жаңа жылда отшашу атқандар 74 мың теңге айыппұл арқалайды
- авторСадуақас Айсұлу
- 31 желтоқсан, 2024