Медицина саласына мейлінше көңіл бөлінбек
«AMANAT» партиясының облыстық сайлауалды штабының мүшелері Махметғали Сарыбеков пен Жанар Бүркітбаева облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының ұжымымен кездесті. Бүгінде мұнда бас-аяғы 395 адам жұмыс істейді. Оның ішінде, 39 дәрігер, орта буынды қызметкерлер 158 және санитарлар 136. Қазіргі таңда бұл ауруханада 268 азамат ем қабылдауда.
Кездесу барысында аманаттықтар мемлекеттің басты байлығы – адам денсаулығы жетекші партияның қатаң бақылауында екенін атап өтті. Облыстық мәслихаттың депутаттығына кандидаттар соңғы жылдары өңірімізде денсаулық сақтау саласының 20 нысаны пайдалануға берілгенін жеткізді.
- Мұндағы ішінде емхана, 15 дәрігерлік амбулатория, 4 фельдшерлік-акушерлік және 2 медициналық пункт негізінен ауыл-аймақтарда ашылды. Жалпы, қазіргі уақытта облыста 466 денсаулық сақтау мекемесі бар. Оның ішінде, мемлекеттік 388 болса, жекеменшік нысан - 58. Облыстың медициналық мекемелерінде 15,7 мың дәрігер мен медбике жұмыс істейді, - деді Жанар Бүркітбаева.
Жамбыл облыстық мәслихаты депутаттарының
сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT»
партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Қазақстанда баспана саудасы бәсеңдеді
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Бас прокурор: "Азаматтардың құқығын қорғау – басты назарда"
- авторСадуақас Айсұлу
- 5 желтоқсан, 2025
Жаңалықтар
Геннадий Головкин Халықаралық бокс Даңқ залына енген тұңғыш қазақ атанды
- авторБақытжан Бекболат
- 5 желтоқсан, 2025






