Ұлттық академиялық кітапханада Әкім Таразидің академиялық залы ашылды
- авторjambylinfo.kz
- Бүгін, 13:25
- 34
Астанада ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында белгілі жазушы, драматург, сценарист Әкім Таразидің академиялық залының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Академиялық залда қазақ әдебиетінің классигі, Қазақстанның Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әкім Таразидың шығармалары қойылған.
Жазушының алғашқы кітабы "Құйрықты жұлдыз" повесі 1966 жылы шықты.
Мұнан кейін
"Үлкен ауыл" (1968),
"Асу-асу" (1970),
"Көкжиек" (1980),
"Басынан Қаратаудың" (1984) повесть-әңгімелер,
"Қыз махаббаты" (1982) пьесалар жинақтары,
"Бұлтқа салған ұясын" (1978),
"Тасжарған" (1980),
"Кен" (1986),
"Жаза" (1998),
"Шер" (2000),
"Махаббат жыры" (2001),
"Қиянат" (2002) романдары жарық көрген.
Ал былтыр Әкім Таразидың 90 жасқа толған мерейтойына орай, жазушының мемлекеттік тапсырыспен жарық көрген он екі томдық шығармалар жинағы мен «Мазмұндама» қоғамдық қоры шығарған «Ауыл шетіндегі үй» және «Мұстафа Шоқай» кітаптары жарыққа шыққан болатын.
Айта кетейік, Әкім Үртайұлы (Әкім Тарази) 1933 жылы 9 қыркүйекте Алматыда дүниеге келді. Орта мектепті 1950 жылы Жамбыл обылысы, Рысқұлов ауданында Жаңа тұрмыс ауылында бітірді.
1957 жылы Абай атындағы мемлекеттік педагогика институтының филология факультетін бітірді. 1957-1959 жылдары Жамбыл обылысы, Шу ауданы, Жаңа тұрмыс орта мектебінде орыс тілі мен әдебиет сабақтарынан білім берді.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз